БҰҰ-ның халықаралық соты Иранның АҚШ-тың біржақты санкцияларын тоқтату туралы талабына сәйкес, тыңдалым бастады. Сот төрағасы Абдулкави Ахмет Юсуфтың хабарлауынша, тыңдалым 30 тамызға дейін жалғаспақ. Тараптардың әрқайсысына өз ұстанымдарын баяндау үшін төрт жарым сағаттан беріледі. Бұл туралы "worldbulletin.net" хабарлайды.
Иран бұл талапты шілде айында түсірген еді. Ол БҰҰ-ның Халықаралық соты арқылы АҚШ-тың 1955 жылғы «Экономикалық қарым-қатынастар, консульдық құқықтар және достық туралы» екіжақты келісімшарт аясында өзінің міндеттерін бұзып отыр деп танылғанын, сонымен қатар, Уашингтон тарапынан енгізілген санкциялардың тез арада жоққа шығарылуын талап еткен. Теһран уақытша шара ретінде америкалық біржақты санкциялардың, әсіресе жолаушылар ұшақтарының сатылымына қатысты санкциялардың тоқтатылуын талап еткен. Бәрімізге білгілі, осы жылдың мамыр айында АҚШ президенті Дональд Трамп Уашингтонның «Ортақ қадам жан-жақты келісімшартынан» шығатынын, сонымен қатар Иранға жаңа санкциялар енгізетінін мәлімдеген еді.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел