Премьер-министр Павел Филиптың отставкаға кетуін талап еткен шерушілер саны көп. Олардың басты талабы жемқор шенділерді лауазымынан босатып, билікке оппозициялық бағыттағы адамдарды қайта алу.

Мыңдаған демонстранттар президент әкімшілігі, парламент ғимараты, Конституциялық сот, Сыбайлас жемқорлықпен күрес ұлттық орталығына барып, «Біз шегінбейміз!», «Сендер жемқорсыңдар!», «Ұрылар» деп айтты. Шеруге шыққандар соңғы сайлау қорытындысына разы емес. Себебі, сайлауда оппозициялық үміткер Андрей Нэстасе жеңіске жетсе де, оның нәтижесі заңсыз деп танылған. Сондай-ақ, қала ортасына жиналған наразы топ мемлекет басшылары жүрізіп отырған саясатқа қарсылығын айтқан. Олар «Еуропаға барып қызмет еткенше, елде жұмыс жасаған абзал, сол үшін халықты жұмыспен қамтамасыз етуді қолға алсын» – дейді.

Елдегі әділетсіздікке қарсы ереуіл бейбіт түрде өтіп жатыр. Алайда шеруге шыққан халық санынан үркіген жергілікті полиция алаңды қоршауға алған. Мемлекеттегі құйтырқы әрекеттердің қай күні болмасын «қалқып» шығатыны болатыны мәлім. Шыдамы шегіне жеткен Кишинёв тұрғындарының жаппай наразылығы соның дәлелі.

"The Qazaq Times"