Кеше АҚШ-тың Минеаполис қаласындағы Premier Boxing Champions турниріндегі жекпе-жектерідің бірінде қызық жағдай орын алды.
Ауыр салмақта жұдырықтасатын америкалық Кертис Харпер мен Нигериядан келген Ефе Аягбо арасында болған жекпе-жек кезінде Боксшының қарсыласы жекпе-жек басталысымен қашып кетті
Жекпе-жек әдеттегіндей басталған. Боксшылар ринг ортасына шығып қолғаптарын түйістіріп, бұрыштарына оралған. Алайда алты раундқа есептелген жекпе-жектің басталғаны туралы белгі берілгенде Харпер рингтен түсіп, залдан шығып кеткен.
Осылайша, нигериялық боксшы жеңді деп есептелді.
Харпердің бұл әрекетінің себебі әзірге белгісіз. Алайда, PBC тілшісінің ақпаратынша, боксшы "жекпе-жек үшін аз ақша төленіп, сыйластық танытылмағаны" үшін кетіп қалған.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы