Чилиде ел басшысына қарсы қақтығыстар күннен-күнге артып келеді. Бүгін Сантьягода студенттер жаппай көтеріліске шыққан. 

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, 100-деген студенттің қатысуымен Сантьягодағы Еңбек министрлігінің алдында бейбіт шеру басталған. Полицияның арнайы жасағы оқиға орнына жеткен кезде төбелес орын алып, бірнеше адам тұтқынға алынған.

Осыған дейін Чили жастары президент Себастьян Пинераның үкіметі ұсынған еңбек реформасына қатысты наразылық білдірген. 18 және 28 жас аралығындағы жұмысшылардың еңбек сағатын қысқартып, әр жарты жыл сайын аттестациялаудан өткізу туралы бастама парламентте талқыланып жатыр. Чили үкіметі аталған заң өз күшіне енсе, елдегі жастардың жұмыспен қамту көрсеткіші артады дейді.

"The Qazaq Times"