АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы күннен-күнге өршіп барады. Ақ үйдің Қытай тауарларына енгізген импорт салығы қос елдің баға тарифіне әсер етуде.
Бірақ, Ұлттық Даму және Реформалар комиссиясы өндірістің бәсеңдеуіне сауда қатынасының еш қатысы жоқ екендігін айтады. Екі ел арасындағы үздіксіз жүргізіліп отырған сауда соғысы салдарынан Қытайдағы робот құрастыру өндірісінің көлемі азайған. Қазір робот шығаруға қажетті бөлшектердің бағасы аспандап тұр. Ресми мәліметтер бойынша, робот өндірісінің жылдық көрсеткіші мамыр айында 35,1%, шілдеде тағы 6,3%, кеміді.
Тәуелсіз сарапшылардың пікіріне жүгінсек, Қытай мен АҚШ арасындағы текетірес тоқтамайынша экономикалық дағдарыс арта түседі және роботтық техника өндірісі нашарлайды. АҚШ салған санкцияның ықпалынан Қытайдағы салалық өндіріс қарқыны баяулап, экспортқа шығару дамымайды. Біздіңше, Қытайдың арзан өндірісі АҚШ-тағы тарифтер өсіміне түбегейлі өзгеріс енгізуі мүмкін. Себебі, сыртқы тауар айналымында Қытайдың робот техникалары азаяды. Дональд Трамп «Reuters» агенттігіне берген сұхбатында: "Сауда соғысы мен қарама-қайшылықтарда уақытша жағдайлар болмайды. Менің ұғымымда қысқалық жоқ. Тек шексіздік бар. 11 қарашада Қытай төрағасымен кездесуден де ештеңе күтпеймін. Ол оған әлі дайын емес деп ойлаймын. Қазір Қытайдағы жағдайға байланысты Оңтүстік Корея көмек көрсетеді деген сыбыс бар. Алайда, олардың қамқорлығы күннен-күнге азаяды. Сауданың құлдырауына байланысты. Қалғанын уақыт көрсете жатар", – деген болатын.