АҚШ президенті Дональд Трамптың бұрынғы жеке адвокаты Майкл Коэн өз кінәсін мойындады - деп хабарлайды «The New York Times» басылымы.

Осыған дейін БАҚ беттеріне Трамп - Коэн - Мюллер үштігіне қатысты тың ақпараттар мен Трамп пен Ресейдің бірлесе отырып сайлауда әділетсіздік жасағандығы жөнінде сан мәрте айтылған. АҚШ-тағы президент сайлауында орын алған жағдайларға байланысты халық арасында қоғамдық пікір екіге бөлінген. Осы мәселеге қарасты Трамптың адвокаты Коэн тергеуге алынған. Ол Трамптың президент сайлауында жеңуі үшін қаржылық қылмыс жасағанын мойындады.

FBI агенттері арқылы сайлауалды штаб пен Трамптың Ресеймен жасаған астыртын  әрекетін тергейтін Роберт Мюллер де біраз істің ақ-қарасын анықтаған болатын. Ал Трамп барлық айыпты жоққа шығарып, тергеуге «мыстан аулау» деген атау берді.

"The Qazaq Times"