Миллиардер Фаттох Шодиевтың жиені Умид Шодиев Өзбекстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі болып тағайындалды деп - Лондон университетінің Шығыс және Африка зерттеу мектебінің сарапшысы Әлішер Ильхамов мәлімдеді.
«Біз барлығымыз Өзбекстанға және Шавкат Мирзиеевтың өз маңайына қандай олигархтарды жинап алғандығын білуіміз қажет. Фаттох Шодиев жиенінің ЮНЕСКО-ға тұрақты өкіл болып тағайындалуына баса назар аударған абзал» - делінген Ильхамов таратқан мәлімдемеде.
Айта кететін бір жайт, бұған дейін бұл қызметте Өзбекстанның экс-президенті Ислам Кәрімовтың қызы Лола Кәрімова Тилляева болған.
Фаттох Шодиев «Eurasian Resources Group» компаниясының иегері. «Forbes» журналының есебі бойынша, оның қазіргі байлығы 1,9 миддиард долларды құрайды. Шодиевтың негізгі қаржы активтері Қазақстанда сақталған.