Құрама Штаттағы The Wall Street Journal басылымы АҚШ пен Қытай үкіметінің лауазымды тұлғаларына сілтеме жасай отырып, екі ел арасында сауда қақтығысын реттеу туралы келіссөздер картасы жасалып жатқанын мәлімдеді. Бұл келіссөздер АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай төрағасы Ши Жинпиңнің қарашада өтетін кездесуге дейін жүзеге асырылуы мүмкін.
Биыл қарашада екі ел үкіметінің бей ресми және кеңейтілген кездесу отырыстары өтпек. Оның алғашқысы 18 қараша күні Папуа-Жаңа Гвинеяда өтетін APEC саммитінде болса, 30 қарашада G20 саммиті бойынша Аргентинада кездесу өтеді. Бұл екі саммит қарсаңында Трамп пен Ши Жинпиң кездесіп, екі ел ортасындағы сауда жаңжалын шешеді және әлемдік сауда қайшылықтарын болдырмауға тырысады деп күтілуде.
Қытайдің ішкі саяси-экономикалық жағдайын қадағалаушылардың айтуынша, сауда соғысы Қытай басшысына ел ішінен келетін қысымды барған сайын күшейткен. Сондықтан да Ши Жинпиң Трамптан көрі келіссөз үстеліне баруға көбірек ынталы.
Маусымнан бері қарай екі ел бір-бірінің тауарларына салық салу арқылы сауда дауын өршітіп келген еді. Алайда, осы аптада АҚШ Сауда министрлігі өкілдерінен құралған делегация Құрама Штатқа сапарлай барып, АҚШ сауда министрінің орынбасары Марпас бастаған өкілдермен келіссөз жүргізеді. Бұл реткі келіссөзде қарашадағы кездесудің кедергілерін жою, сауда дауын шешу жолдарын қарастыру сынды міндеттерді өз мойнына алып отыр.
Трамптың бұл жөніндегі мәлімдемесінде, Құрама Штат та, Қытайда келіссөз жүргізуге ынталы екенін, алайда, әділ сауда және екіжақты тиімді болмаса келіссөзге келе алмайтынын қайталаған.