АҚШ қаржы министрі Мнучин екі күн бұрын мәлімдеме жасап, АҚШ пен Қытай арасындағы қазіргі сауда қатынасы туралы пікірлерімен бөлісті. Оның айтуынша, америкалық компаниялар Қытай нарығында әділ бәсеке орайына ие бола алмаса, бұл екі елдің де экономикалық құлдырауына алып келуі мүмкін.
Былтыр жыл соңына қарай АҚШ пен Қытай жаңа сауда келісімін жасасқан болатын. Келісімге сай Қытай өз нарығында америкалық тауарлар мен қызмет өтеу кәсіптеріне мүмкіндік беруге міндетті. Министр Мнучин Bloomberg және Invesco компаниялары ұйымдастырған шарадағы мәлімдемесінде, Қытайды аталған уәдесінде тұрады деп сенетінін жеткізді.
Оның пайымдауынша, егер Қытай өз нарығында америкалық кәсіпкерлер мен компанияларға әділ бәсеке мүмкіндігін берсе, бұл екі елдің экономикалық өсімі үшін де өте пайдалы. Егер Қытай баяғы әдетіне басып, нарықта өз компанияларына басымдық беретін болса онда бұл сауда қатынасына кері әсер етіп, сауда соғысы мен санкция жалғаса түседі.
Ал, президент Трамп өткен аптадағы мәлімдемесінде, АҚШ пен Қытай арасының «байланысты үзу» мәселесін қарастыруы бек мүмкін екенін де ескерткен. Ол өзінің «Твиттерінде»: «Қандай жағдай болмасын, АҚШ-тың Қытайға бағытталған саяси ұстанымын өзгермейді», – деген болатын.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы