Ауғанстан президенті Ашраф Гани Талибан қозғалысымен арадағы қақтығысты тоқтату туралы ұсыныс жасаған. Бұл туралы lanouvellerepublique.fr  хабарлайды.

Алайда, президенттің бұл ұсынысына әлі жауап келмеген. Оның айтуынша, бітім бүгін, 20 тамызда күшіне мінуі тиіс болған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Гани қақтығысты 21 қараша,  Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.а.с.) туған күніне дейін үш айға тоқтатуға ниетті. Ал, Талибан қозғалысының ақпаратына қарағанда, «олардың жетекшілері де Құрбан айт мерекесіне дейін алдын ала төрт айға келісіп қойған». Айта кету керек, қақтығысты уақытша тоқтату туралы ұсыныс тәлібтердің 10 тамыздағы Газнидегі шабуылы салдарынан болған қатаң қақтығыстан кейін туындаған. Ауғанстанның үкіметтік күштері елдің шығысындағы қаланың ауқымды бөлігін өз бақылауына алған.

 “The Qazaq Times”