Германия Грекиямен босқындар ісіне қатысты бір мәмілеге келді. Енді, Грекиядан бассауға алуға өтініш білдірген босқындар сол елге еш кедергісіз жіберілетін болады. Бұл туралы «DW» агенттігі Германияның Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Элеонора Петерманның мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Біз келісімшартқа қол жеткіздік», - деп мәлімдеген Э.Петерманн. Грекиядан бассауға алуға өтініш жасаған босқындар 48 сағаттың ішінде сол елге қайтарылатын болады. Бұдан бұрын да Германия үкіметі Испаниямен де дәл осындай келісімшарт жасасқан еді. Аталған келісімшарт 11 тамыз күні күшіне мінген болатын.
Негізі, Германияның Ішкі істер министрі Хорст Зеехофер босқындардың неміс шекарасынан өтулеріне рұқсат етпейтіндерін айтып, осы мәселеде барынша келіпейтінін айтқан еді. Ал, канцлер Меркель Еуропа Одағын осы мәселеге араласуға шақырған еді. Ақыры, олар босқындарды қабылдауға арналған орталық құруға келіскен болатын.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті