Күрд делегациясы мен сүриялық үкіметтің жақында ғана Шам (Дамаск) қаласында өткен кездесулерінде күн тәртібіне қандай мәселелер қойылғаны туралы ақпарат жарыққа шықты. Түркиялық «Анадолы» агенттігінің хабарлауынша, Шам үкіметі күрд құрамасының бақылауындағы сүриялық аудандардың автономиясы туралы мәселені талқылауға дайын.
Күрдтер Сүрияның солтүстігі мен шығысында «шағын үкіметтің» басқаруындағы автономия құруды ұсынған. Аталған автономия Сүрияның экономика, қауіпсіздік, ауылшаруашылық, мәдениет, білім және денсаулық сақтау салаларын реттейтін болады. Ал, Сүрия үкіметіне тек сыртқы саясатпен айналысу қалмақ. Осы «шағын үкімет» "Күрдтердің халықтық қорғау отряды" (YPG) мен Күрд Жұмысшылар партиясы (PKK) тарапынан бақыланатын Сүрия демократиялық кеңесін құратын болады. Алайда, ресми Шам бұл ұсыныспен келіспеген. Ол Сүрия территориясының бақылауы тек орталық үкіметтің ғана қолында болуы керек деп санайды. Тараптар бұл мәселені келесі кездесуде талқылауға келісті.
Көптеген мамандардың ойынша, осындай күрд автономиясының артында америкалық протекторат тұр. Ал, бұл мүлде мүмкін емес жайт. Олар, "мұндай нәрсе Сүрияға бейбітшілік әкелмейді, қақтығыс бәсеңдегенмен, америкалықтарға қажет болған кезде, қайтадан ушығады", - деп санайды.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі