Сәрсенбі күні Ауғанстанның орталық қаласы Кабулда террорлық топтың қарулы содырлары үкіметке қарасты қарулы күштердің жаттығу базасына шабуыл жасады. Үкімет тарабының мәліметінде террорлық топтың шабуылы аса сұрапыл болған.
Осыдан сәл ғана бұрын жанкешті содырлар қаланың батыс жағындағы оқу орындарының бірінде жарылыс жасап, бірнеше ондаған студентті қыршынынан қиған. Жойқын жарылыста 48 адам мерт болып, 67 адам зардап шеккен еді.
Қанды сәрсенбіде қаза болған студенттерді жерлеп жатқан тұста, жанкешті топ жаттығу базасына құтырына шабуыл жасаған. Шетелдік журналистердің жасаған фото репортаждарда қайғыға батқан отбасылар, көзі жасты қара жамылған әйелдер негізгі кейіпкер болды.
Өңірдегі BBC тілшілерінің хабарына қарағанда, жарылыс шиттер қоныстанған маңдағы оқу орынында, студенттердің емтихан тапсырып жатқан кезінде болған. Күшті жарылыс өрімдей жас бойжеткен-бозбалалардың өмірін қиған.
Соңғы кездегі террорлық шабуылдардың күшеюіне байланысты Ауғанстан жұртының үкіметке деген сенімі барған сайын азайып барады.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы