Германия «Aquarius» құтқару кемесіндегі 50 босқынды қабылдауға ниетті, - деп хабарлайды DW ГФР (Германия Федеративті Республикасы) Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Бұдан бұрын Мальта да «Aquarius» құтқару кемесін қабылдауға дайын екенін жариялаған еді. Мальта премьер-министрі Джозеф Мускаттың сөзінше, сосын кемедегі 140 босқын Германия, Франция, Люксембург, Португалия және Испания арасында бөлінбек.
Өткен аптада екі айлық үзілістен кейін «Aquarius» өзінің оныншы құтқару операциясы кезінде 141 босқынды мінгізген еді. Олар Ливия жағалауынан шамамен 46 шақырымда жүзіп жүрген екі ағаш қайықтан құтқарылған еді.
Еске салайық, осы жылдың маусым айында Италия Жерорта теңізінен 600-ден астам босқын тиелген «Aquarius» құтқару кемесін қабылдаудан бас тартқан болатын. Оның артынша Мальта да аталған кемені қабылдаудан бас тартқан еді. Кейіннен Испания үкіметінің өкілі Педро Санчес өздерінің оларды қабылдауға дайын екенін хабарлаған. 17 маусым күні «Aquarius»-ғы 600-ден астам босқын Валенсияға жеткізілген.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті