Иранның ең жоғары көсемі аятолла Хомейни кеше мәлімдеме жасап, мемлекеттік басқарудың нашарлығы Иран экономикасы үшін АҚШ санкциясынан да зиянды екенін айтты. Бұл туралы VOA хабарлады.

Иранның экономикалық қиыншылығына байланысты ішкі тартыста күшейе түскені байқалады. Ел ішінде үкіметтік отставкаға кетуін талап еткен саяси тұлғалар да бой көтерді. Осыған байланысты діни көсем Хомейни мәлімдеме жасап, үкіметке ескерту берді. Ол кешегі мәлімдемесінде, үкіметтік дұрыс басқару болған жағдайда АҚШ санкцияларына төтеп беруге болатынын алға тартты.

Өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамп қалпына келтірген санкция Иранның автоөнеркәсібіне, алтын, өзге де бағалы металдар саудасына, валютаның және қаржы операцияларына бағытталған. АҚШ үкіметі 5 қарашада санкцияның екінші соққысы бар екенін ескертті.

“The Qazaq Times”