Румыния қалаларында халықтың қарсылық науқаны әлі басылар емес. Шерушілердің талабы — үкіметтің отставкаға кетуі. «yeniakit.com.tr» сайтының хабарлауынша, қарсылық акциялары ел астанасы Бухаресттен бастап, Сибиу, Констанце, Клуж-Напоке және Яссы қалаларында өтуде.
Бір ғана Бухарест қаласының өзіндегі Виктория алаңына он мыңдаған адам жиналған. Кейбір қалаларда, әсіресе Бухарест пен Клуж-Напокеде, қарсылық шарасына шығушылар түні бойы үйлеріне қайтпаған.
Сайтымызда осыған дейін де жазғанымыздай, 11 тамыз, сенбі күні Румыния астанасы Бухаресте өткен қарсылық науқанында 440-тан астам адам зардап шеккен еді. Ал, бүгінде олардың саны 1000-ға таяған. Шерушілер, парламенттің таратылуы, мерзімінен бұрынғы сайлау, технократ үкіметі, әділеттің орнатылуы, сонымен қатар, 100-і түрлі ұлт өкілдерінен тұратын 300 сенатордан құралған бірпалаталық парламент құру сияқты талаптар қоюда.
Наразы болған румын халқы, салық жүйесі мен зейнетақы реформасына, әлеуметтік көмек жүйесіне реформа жасауды да сұрайды. Олар экономика, ауылшаруашылығы мен кәсіпкерлік салаларын дамытпайынша, Еуропа Одағы, НАТО сияқты ірі одақтармен серіктестік қарым-қатынасты жалғастыру мүмкін емес деген ұстанымда.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі