Уилтшир графствосының полицейі Солсбери мен Эймсбери қалаларындағы улану оқиғасын зерттеуге 10 миллион фунт (12,9 миллион доллар) жұмсаған, - деп хабарлайды «The Guardian».
Басылымның мәліметінше, жеті миллионнан астам фунт өзге қызметтерден мамандарды тартуға кеткен. Ал 1,3 миллионы Уилтшир полициясының қызмет уақытынан тыс жұмыстарына жұмсалған. Қалған шығындар өте қатерлі заттекті жұқтырып алуы мүмкін полицей көліктерін пайдалануға кеткен. Уилтшир графствосының қылмыспен күресу полициясының комиссары Ангус Макферсонның сөзінше, осындай екі ірі оқиғаны зерттеуші полицейлер үшін уақыт өте аз болған. «Мен 4,1 миллион фунт көлеміндегі шығынның орнын толтыру міндетін өз мойнына алғаны үшін үкіметке алғысымды айтамын... Сонымен қатар, осындай ауыр оқиғамен байланысты барлық шығындар үкімет тарапынан өтеледі деп күтемін» , - деген, ол.
Еске салайық, үстіміздегі жылдың наурыз айында РФ-ның Барлау қызметінің бұрынғы қызметкері Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипаль «Новичок» (Ресейде шығарылған) жүйке-сал ауруын тудырушы заттегі арқылы уланған еді. Лондонның хабарлауынша, бұл оқиғаның артында Ресей тұр. Ал, кейін 30 маусымда Ұлыбританияның Эймсбери қаласындағы үйде ерлі-зайыпты Чарли Роули мен Дон Стерджесс те дәл осы заттекпен уланған еді. Кейін, әйел ауруханада көз жұмды. Британия үкіметі ерлі-зайыптылар да сол «Новичокпен» уланған деп мәлімдеген еді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті