АҚШ президентінің әрекеті аймақтағы қауіпсіздікті бұзуда. Бұл туралы кеше, сейсенбі күні ирандық «Al Mayadeen» телеарнасы Иран парламентінің спикері Әли Лариджанидің сөзіне сілтеме жасап хабарлады, - деп жазады ajanshaber.com.
«Трамп жасаған қадамдар аймақтың қауіпсіздігіне нұқсан келтіруде. Олар дұшпандықты жалғастыруда. Бұл — біздің тарапымыздан да жауапсыз қалмайды» , - деген Ә.Лариджани. Осы жылдың мамыр айында АҚШ «Ортақ қадам жан-жақты бағдарламасы» атты ядролық келісімнен шығатыны туралы жариялап, Иранға қарсы ескі санкциялармен шектелмей, жаңа санкциялар да енгізетінін мәлімдеген еді. Ол Уашингтонның «Ортақ қадам жан-жақты бағдарламасының» орнына жаңа келісімшарт жасауға дайын екенін де айтқан еді. Алайда, АҚШ бұл үшін Иранға орындалуы мүмкін емес шарт қойған еді. Енді, АҚШ санкцияларының бірінші бөлігі осы дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні басталды. Бұл санкциялар ең алдымен Иранның автокөлікқұрылыс секторы мен алтынның саудасы мен көптеген металлдарды қамтиды. Қалған санкциялар осы жылдың 5-қарашасында күшіне мінбек. Олар алдымен Иранның энергетика саласын, мұнайға қатысты келісімшартқа бағытталмақ.