Өзбекстанда бірнеше күрделі мәселе бар: біріншісі, Өзбекстанда ұзақ мерзімде туу көрсеткіші биік көлемде. Халықтың тез өсуі әлеуметтік шығындардың өсуін талап етеді, ал қаржы жоқтың қасы. Келесі фактор: биік деңгейдегі жұмыссыздық. Өзбек жұртшылығының 3-5 миллионы Ресейде және Қазақстанда жалшы-эмигрант қара жұмысшы болып жүр. Ресей мен Қазақстаннан тапқан таянғанына өзбек отбасыларына жіберіп, олар ұн мен өсімдік майын алып жүрек жалғап, арзан товарларды киім-кешек ретінде тұтынып келеді. Өзбекстан қазақтары ата мекенге қайтуда. Өзбекстанның бұрынғы басшысы – Ислам Каримов жүйелі нарықтық реформаларды жасамады, Өзбекстанда негізінен реформалар стихиялық түрде орнады, ұдайы тежеліп отырылды, бірақ Каримовтың отбасы коррупциялық жолмен көп дәулетті қармап қалды. Каримовтың отбасы коррупциялық істерімен халыққа сүйкімі кетті. Билікке келген Мирзияеев өз билігін нығайту мақсатымен басқа дәмелі саяси персоналарды басқарушы топтан ысыруда, қылмыстық істер ашуда. Мирзияеев популистік мақсатпен ескі саясатты сынап жағдайды оңдамақ. Бірақ Өзбекстанға реформалар жасауға уақыт керек, сол сияқты қомақты қаржы керек. Мирзияеевте не қосымша уақыт, не қосымша қаржы жоқ. Өзбекстан негізінен моноұлттық мемлекет. Бірақ аз болса да қалған орыстар мен қазақтар ата мекеніне кетеді. Есесіне Өзбекстанның тәжіктері сыртқа көшпейді, тек еңбек эмиграциясына кетеді.

Билік қадамдары мен әрекеттері. Сценарийлер:

a) Пауза

b) Тест режимі: Мирзияеевте халық үміті мен халық сенімі бар. Сол сенімді ол бас шенеуніктерді алмастыруға меншікті қайта бөлісуге жұмсап жатыр.

c) Консервативтік қадамдар. Исламизммен күресу. Исламшылдықпен күресу

d) Паллиативтік реформалар

e) Радикалдық экономикалық, саяси және құқықтық реформалардың басталуы

f) Ақпараттық тартыстар.

Биліктік және бейресми топтардың қадамдары мен әрекеттері. Сценарийлер:

a) Пауза-Толық бойкүездік, ымырт белгілері

b) Тест режимі- “еркін баспасөздің” таралым алуы- “жылымық”

c) Консервативтік қадамдар-халық Мирзияевті “қолдай бастау” белгілері-қолдау митингтері. Исламизммен күресу. Исламшылдықпен күресу

d) Паллиативтік реформалар мен “өш алу мен жаңа тәркілеу кезеңі сүйкімсіз олигархтардың мүлкі мен дәулеті мен қаржыларын иемдену, билік пен дәулетті қайта бөлісу. Жаңа олигархтардың пайда болуы”

e) Радикалдық экономикалық, саяси және құқықтық реформалардың басталуы.

f) Азамат соғысының қылаң беруі- Өзбекстаннан эмиграцияның күрт өсуі. Капиталдың

Өзбекстаннан қашуы.

g) Ақпараттық тартыстар

Қазақстан билігінің Өзбекстанға саясаты. Билік қадамдары мен әрекеттері. Сценарийлер:

a) Пауза- аналитикалық талдау мен бақылау кезеңі

b) Тест режимі- Қазақстан мен Өзбекстан билігінің ресми және бейресми әрекеттері, пробалық қадамдар және реакция күту.

c) Консервативтік қадамдар- Қазақстан Өзбекстан билігінің ресми және бейресми Мирзияевті “қолдай бастау” белгілері-қолайлы келісімшарттар жасасу. Назарбаев Өзбекстанға бірқатар инициатива жасайды. Мирзияевті Астанада керемет қылып қабылдайды.

d) Паллиативтік реформалар мен “өш алу мен жаңа тәркілеу кезеңі сүйкімсіз олигархтардың мүлкі мен дәулеті мен қаржыларын иемдену, билік пен дәулетті қайта бөлісу кезеңінде жеке өзбек олигархтарды, шенеуніктерді қолдау және жаңа олигархтарды пайдалану”

e) Радикалдық экономикалық, саяси және құқықтық реформалардың басталуы.

f) Азамат соғысының қылаң беруі- Өзбекстаннан эмиграцияның күрт өсуі. Қазақстанға қарақалпақ эмиграциясы өседі. Капиталдың Өзбекстаннан Ресей мен Қазақстанға қашуы.

g) Ақпараттық тартыстар

“The Qazaq Times”