АҚШ Теһранға (Тегеранға) ирандық нарықты тұрақсыздандыру мақсатында психологиялық қысым көрсетуде. Бұл туралы бүгін, 6 тамыз күні Иранның Сыртқы саясат ведомоствасының басшысы Мохаммад Джавад Зариф мәлімдеді, - деп жазады жергілікті «Al-Mayadeen» телеарнасы.
«Иран нарығына ықпал ету үшін Уашингтон қысым көрсетіп жатқандықтан, бізге қырағылық танытуға тура келеді», - деген Зариф. Депутат сонымен қатар, «Қазіргі қиындықтарды артқа тастау Иранның қолынан келеді», - деп, сенімділік те көрсеткен. Сонымен қатар, Иранның СІМ басшысы америкалық биліктің Иран халқына қолдау көрсету туралы мәлімдемесін де сынаған. «Біз Иран халқымен біргеміз дейсіңдер. Олай болса, неліктен сендердің алғашқы санкцияларың азаматтық авиация секторына қарсы бағытталды?», - деген ол. Еске салайық, бұдан бұрын «Boeing» компаниясы АҚШ-тың санкцияларына байланысты, Иранмен жолаушылар лайнерін жеткізу келісімшартының міндеттерін орындаудан бас тартқан еді. Бүгін, дүйсенбі күні АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Пампео АҚШ-тың «Америка билігі Иран халқының қысым көрсету мен жемқорлыққа қарсы наразылық көрсету құқықтарына қолдау көрсетеді» , - деген еді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті