Сингапурде Иранның Сыртқы істер министрі Мохаммед Джавад Зариф пен Еуропа одағының сыртқы саясат құрылымының жетекшісі Федерика Могеринидің арасында ресми кездесу өтті. Бұл туралы «20minutes.fr» агенттігі Иранның СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесу барысында М.Д.Зариф пен Ф.Могерини АҚШ-тың әрекеттерінің кесірінен қауіпті жағдайда қалған Теһранның (Тегеран) мүддесін сақтауды талқылады. «Мохаммед Джавад Зариф пен Федерика Могерини Еуроодақ пен ядролық бағдарламадан АҚШ заңсыз түрде шыққаннан кейінгі Иранның пайдаларының сақталуына бағытталған әлемдік қауымдастық шараларын қарастырды» , - делінген Иран Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
Бәрімізге белгілі, осы жылдың 8-мамырда АҚШ президенті Дональд Трамп Уашингтонның Иранның ядролық бағдарламасынан шығатынын және Иранға қарсы барлық санкцияларды қайта жаңғыртатынын мәлімдеген еді. Осы келісімшарттың басқа қатысушылары АҚШ-тың бұл қадамына қарсы шығып, Иранмен арадағы бұрынғы келісімшарттарды сақтап қалуға ниетті екендіктерін хабарлаған еді. Енді, Еуроодақ өкілі Иранмен осы мәселе жөнінде бірқатат келісімге барды, - деп хабарлайды «20minutes.fr».