Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі «Иран халқы 11-ші ақпанда Американың қоқан-лоққыларына жауап береді» деді. Бұл туралы “Фарс” баспасөзі хабарлады.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сейсенбі күні ИИР армиясының әуе күші мен әуе қорғаныс базасының қолбасшылары мен қызметкерлерін қабылдауда: «Американың жаңа президенті өз сөзі және істерімен Американың билік аппаратының жан-жақты түрде бұзылғаны туралы Иранның 38 жыл бойы айтып келе жатқан сөзін әшкере түрде қоғамдық пікірге дәлелдеді» деді.
Хазірет аятолла улузма Хаменеи Американың жаңа президентінің АҚШ- тың бұрынғы үкіметіне Иранның алғыс айту қажеттігі негізіндегі сөздеріне тоқталып: «АҚШ-тың бұрынғы үкіметі исламдық жүйені тұралату мақсатында Иранға қарсы ауыр санкциялар салды. Бірақ, ол мақсатына жетпеді. Басқа ешбір дұшпан біздің халыққа соққы бере алмайды» деді.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Иран армиясы әуе күші қызметкерлерінің 1979 жылы 8-ші ақпанда хазірет имам Хомейнимен тарихи серт байласуының жылдығында ИИР армиясының әуе күші мен әуе қорғаныс базасының қолбасшылары мен қызметкерлерін қабылдауда серт байласуды ислам революциясының тарихындағы шешуші оқиға деп атап: «Пехлеви режимі кезінде Армияның әуе күші Америкаға тәуелді саяси жүйеге ең жақын бөлімдердің бірі болды. Режим ешқашан ойламайтын осы бөлімнен ауыр соққы жеді. «Шайтандарға» сену және исламдық жүйе мен билікке қарсы кісілерге үміт арту – үлкен ағаттық» деп қуаттады.
«The Qazaq Times»