Германияда Қазақстаннан кеткен 1,2 миллион иммигрант бар.
Германия Федералды статистика басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда ел аумағында 19,2 миллион иммигрант бар. Соңғы бір жылда елге сырттан келген азаматтардың үлес салмағы 4,4 пайызға өскен.
Соңғы статистикалық мәліметтер бойынша, 19,2 иммигранттың 2,8 миллионы (14%) Түркиядан, 2,1 миллионы (11%) Польшадан, 1,4 миллионы (7%) Ресейден, 1,2 миллионы (6%) Қазақстаннан және 0,9 миллионы (4%) Румыниядан келген. Қазіргі таңда олардың 51 пайызы Германия азаматтығын алған.