Ауғанстанда бір күннің ішінде екі бірдей теракт орын алып, салдарынан кем дегенде 26 адам қаза тапқан. Ал, 50-ден астам адам жарақаттанған. Бұл туралы жергілікті «АР» агенттігі хабарлайды.
Ауғанстанның шығысындағы Жалалабад қаласындағы әкімшілік ғимаратқа жасалған қарулы шабуылдың салдарынан 15 адам мерт болған. Ал, дәл осы күні бұрын елдің батыс төңірегіндегі Фарах қаласында Хераттан Кабулға бағыт алған жолаушылар автобусы жарылған. Осы апаттың салдарынан 11 адам көз жұмып, 31 бейбіт тұрғын жарақат алған. Агенттіктің хабарлауынша, қаза тапқандардың көпшілігі әйелдер мен балалар. Бірақ, әзірге ешқандай террорлық топ бұл істі мойындарына алмай отыр.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел