Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози 2012 жылғы сайлаудағы үгіт шараларына жұмсалған заңсыз қаражат үшін сот алдына жауап беретін болды.

Ол сайлауда социялыстердің кандидаты Франсуа Олландыға ұтылып қалған еді.  “Халық бірлігі үшін қозғалысы” (UMP) партиясы жалған құжат арқылы 2012 жылғы президенттік сайлау бұрынғы хабарында көрсетілген қаржыдан 18 млн евро ақшаны жасырған деп айып тағылып отыр.

Экс-президент көрсетілген шектен ақшаның асып кеткенін білмей қалғанын бір неше рет айтқан. Бұдан басқа тағы 13 адам (ішінде партияның бұрынғы құрушылары да бар) есепті бұрмалаған деген күдікке ілінген.

Бұл іс бойынша тексеру 2014 жылы басталған. Тергеу мәліметіне қарағанда құжаттарды көзбояушылықпен жабу үшін “Бигмалион” жарнамалық фирмасы арқылы іске асырған.

Саркози 2012 жылы президенттік сайлаудан ұтылып қалған. 2016 жылы кандидатурасын қайта ұсынғанымен жеңіске жете алған жоқ.

«The Qazaq Times»