Йемен жерінде үкімет армиясы мен Хусит күштері арасында қарулы қақтығыс қайталанды. Армия тарабынан жасалған мәлімдемеде, әл-Меладжим ауданындағы әл-Бейият тауындағы қақтығыста хуситтердің 36 мүшесі қаза тауып, екі тараптан 50-ден астам адам жарақат алған. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлаған.
Қарулы күштердің мәліметінде, үкіметі армиясы мен хуситтердің кезекті соғысында Сауд Арабия бастаған коалиция қатыспаған. Үкімет армиясы дербес хуситтердің әл-Меладжимдағы тұрақтарын талқандаған.
Сауд Арабиясы басқарған коалиция күштері мен Йемен қарулы күштерінен құралған арнайы топтар Мири, Хайран қатарлы аудандарда үш ай ішінде 5151 дана минаны тазалаған. Қазір үкімет күштері Бейдаға қарай ілгерілей түсіп, аймақта Хуситтердің ықпал көлемі барған сайын тарылуда.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау