Лондон мен Бейжің билігі Иранның ядролық проблемасы, терроризммен күрес, ғаламдық климаттық өзгерістер сияқты мәселерде ынтамақтаспақ. Бұл туралы france24.com/fr хабарлайды.
Британ үкіметі Иран мәселесі, КХДР-ның ядролық қарусыздандырылуы және Сүрияда бейбітшілік орнату сияқты маңызды мәселелерді шешуде Бейжің билігімен тығыз байланыс орнатуға ниетті. «Біз БҰҰ сияқты, ортақ әрекеттердің жан-жақты үлгісін қалыптастыруда өзара тығыс байланыс орнатуға мүдделіміз. Біз Корей жарты аралы және Иранның ядролық проблемасы сияқты жаһандық және аймақтық негізгі мәселелерді шешуде бірге әрекет ететін боламыз» , -деген Ұлыбританияның Ынтымақтастық істері және сыртқы істер министрі Джереми Хант. Дипломаттың сөзінше, Бейжің мен Лондон ғаламдық климаттық өзгерістер мен терроризммен күрес салаларында да ынтымақтасуға ниетті. Ол сондай-ақ, "Біріккен Әмірлік пен Қытай ірі державалар болып саналады. Ұлыбритания Еуроодақтан шығатындықтан, сыртқы байланыстарға бұрынғыдан да қатты мән бермек. Біз XXI ғасырдағы маңызды серіктестіктерді мықтап қолға алуымыз керек" , - деді Джереми Хант.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы