Американың Қорғаныс министрлігі Пентагон осы ел армиясының Ирак, Сирия және Ауғанстанға мыңдаған әуе шабуылын жасағанын жасырған. Бұл туралы “Фарс” баспасөзі хабарлады.
Military Times ақпарат тарату торабы АҚШ армиясының Таяу Шығыстағы нысана елдерге әуе шабуылдарын жасырып отырғанын әшкерелеп: «Тек 2016 жылы Америка Ауғанстанға кем дегенде 456 әуе шабуылын жасады. Осы әрекеттер Американың әуе күшінің есептерінде тіркелмеген. Шабуылдар осы ел армиясының тікұшақтары мен ұшқышсыз ұшақтарының іс-қимылдарын да қамтиды» деп жазды. АҚШ армиясы бұл хабарға әлі реакция білдірген жоқ.
“The Qazaq Times”


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?