«Аум Синрике» діни сектасының алты мүшесі Жапонияда өлім жазасына кесілді. Бұл туралы Жапонияның Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады «abhaber.com».
Бұлар өлім жазасына кесілген секта мүшелерінің соңғылары. Бұдан бұрын сектаның негізін салушы Секо Асахара мен тағы алты адамға өлім жазасына үкім шығарылған еді.
Еске салатын болсақ, 1995 жылдың наурыз айында секта мүшелері Токио метросында улағыш газ шашып, салдарынан 13 адам қаза тауып, 6 мыңға адам жуық зардап шеккен. Бұл шабуыл ел тарихындағы ең ірі қайғылы оқиға болып саналады. Жапониялық NHK медиакорпорациясының хабарлауынша, өлім жазасына кесілгендер «Аум Синрике» сектасының бас белсендісі мен 1995 жылғы террорлық іске тікелей қатысы барлар. Сектаның өлім жазасына кесілген 13 мүшесіне де, оның алдында үкім кесілген сектаның негізін салушы Секо Асахараға да өлім жазасына кесілу туралы үкім бірнеше мәрте кейінге қалдырылған еді. Аталған секта ұйымы мүшелерінің өлтірілуі Жапония тарихы үшін елеулі оқиғаға айналды. Сонымен қатар, әлемдік ірі ақпарат құралдары да осы оқиғаны жарыса жазуда. Себебі, олар ұйымдастырған метро жарылысының кесірінен әлі күнге дейін зардап тартушылар бар.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді