60 жылдық зерттеудің нәтижесінде АҚШ-та алғаш рет безгек індетіне қарсы өнімді дәрі жасалып шықты. Бұл аталған жұқпалы әрі қауіпті індеттен зардап шегетін елдер үшін үлкен жаңалық болмақ. Бұл туралы WSJ басылымы сүйіншілеген болатын.
Аса қауіпті індетке арналған жаңа дәрі Tafenoquine деп аталады. Оған АҚШ-тағы азық-түлік пен дәрі-дәрмектің сапасын бақылаушы Food and Drug Administration «қолдануға жарамды» деген қорытындысын шығарды.
Безгек ауруының «үш күндік безгек» деген лақабы да бар. Зардабы тым қорқынышты бұл індет сона немесе маса-шіркейдің шағуынан жұғады. Әлемде жылына 8,5 млн адам осы дертке шалдығады. Олардың ішінде көз жұматындар саны тым көп. Түстік Африка көңірінде ең кең тараған індет саналады. Әсіресе, 12 жасқа дейінгі балалардың безгек індетінен көз жұму көрсеткіші өте жоғары.
Безгек дертіне қарсы күресу өте қиын. Ауру вирусы адам денесіне жыл бойы сақталып, белгілі бір мезгілдерде әрекеттенеді. Ал Tafenoquine болса адам денесіндегі паразиттерді жоқ қылады. Ғалымдар оның безгекпен қоса өзге де ішке құрты секілді паразиттердің жиналуынан болатын дерттерге қарсы өнімді шара екенін айтады.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр