Осы аптадағы жексенбі күні әлем бойынша «Маса күні» деп жарияланған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, бұл атаулы күннің қалыптасуы 1897 жылы безгектің таралуындағы жәндіктердің рөлін еске түсіру үшін қойылған екен. Бұл туралы «The New York Times» басылымының таңғы жаңалықтар бөлімінде жазды.
Бұл ауырудан адамзат ұзақ уақыт азап шегіп келген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша безгек ауыруынан қаза тапқандар саны 2000-2015 жыл аралығында шамамен 42,9 миллион адамға жеткен. Кейін, Нобель сыйлығын алған Роналд Росс масаның безгек ауыруының таралуындағы басты тасымалдаушы екенін анықтап, дереу шара қолдануды талап еткен.
Аурудың таралуын болдырмау үшін ең тиімді әдісі болса, үйде және далада масаның шағуынан қорғану – иісті майлар, тор жапқыштар, перделер, маса дәрісі тағы басқа. Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметіне қарағанда, 2008-2010 жылдардың өзінде, Сахараның оңтүстігіндегі Африкаға шамамен 294 миллион масаға қарсы бетперде таратылған екен. Мамандар иммунотерапия мен жабық бүркеншіктің тиімді рөлін көбірек насихаттайды.
Ғалымдар масаның өзге жануарлардан гөрі адам қанын көбірек ұнататынын, тіпті негізгі азығы ететіні дәлелдеген. Өйткені жәндіктер метаболизмнің жоғары көрсеткіштерімен адамдарға көбірек жанасады. Дененің жоғары температурасы, дененің терлеуі, міне, бұлар масаларды өзіне тартатын факторларға жатады. Сондықтан ДДСҰ адамдарға, масалардан және басқа да жәндіктер тарататын жұқпалы ауырулардан көбірек қорғануды ескертеді.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау