АҚШ-Иран арасындағы қайшылық күн санап үдей түсуде. Бір күні бұрын Құрама Штаттың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мәлімдеме жасап: «Иранның үкіметі әлдеқашан Иран халқының қорқынышты түсіне айналған. Алайда, Құрама Штат Иран режиміне жоғары деңгейдегі шабуыл бағыттаудан қорықпайды», – деді. Ол сонымен бірге, Құрама Штаттың барлық одақтастарын Иранды қаржылай қысымға алуға шақырған. Бұл турал VOA жаңалықтар қызметі хабарлады.

Майк Помпео аталған мәлімдемесін жексенбі күні президент Рейган атындағы мемлекеттік кітапханада жария еткен. Әрі сол ортада тегі ирандық АҚШ азаматтары көп болған.

Помпео сөзінде Иран режимінің қалыптасқан жағдайға жауапкершілік етпейтін, әрекет жасауға қаблетсіз әлсіздігін сынға алған және арандату мен өзге де қитұрқы әрекеттерін жауапсыз қалдырмаймыз деп ескертті. Поспео сөз арасында Иран режимін қарақшылық жүйеге де ұқсатып өткен. «ИИР-ның жоғары билеушілері халықтың байлығын сорып, оның есесіне терроризмге қолдау көрсетті. Сондай-ақ, өзге мемлекеттерге ислам революциясының идеясын таратуға тырысты», – деді.

АҚШ мемлекеттік хатшысының айтуынша, Иран экономикасы қазір «жоғары температурада» тұр. Қазіргі экономикалық түзімнен тек жоғары билеушілер ғана пайда табады. Помпео Аятолла Хомейни бастаған жоғары жіктердің елден жасырған миллиардтаған долларға тең қаржысы бола тұра, ирандықтардың үштен бірі кедейлікте өмір сүріп отырғанын айтты. Осымен бірге, Помпео Ирандағы сөз бостандығын да ауыр сынның астына алған.

АҚШ лауазымдысының аталған мәлімдемесінен белгілі болғандай, Иран халқының интернет цензурасынан құтылу үшін АҚШ үкіметі ирандықтарға қолжетімді арналарды құруға көмектесетінін анық болды. Дегенмен, оның бұл сөздері Иран үкіметінің шымбайына бататыны анық. Ол және екі ел арасындағы араздықты қақтығысқа қарай жақындата түспек.

“The Qazaq Times”