Ауғанстанның шетелде жүрген вице-президенті Достум отырған ұшақ жексенбі күні Кабул халықаралық әуежайына қонысымен жақын маңда жанкешті жарылыс жасады. Аса қуатты жарылыстан 16 адам қаза тауып, 60-тан астам адам жарақат алған. Бұл туралы Ауғанстанның мемлекеттік арналары хабар таратты.
Полиция тарабы жарылысты жанкешті жасағанын растады және вице-президенттің жарақат алмағанын мәлімдеді.
Көп өтпей «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымы хабарлама таратып, жарылысты өз мойындарына алғатынын мәлімдеді. Сонымен бірге «Шабуылдың Достумды қарсы алған адамдарға бағытталған. Жарылыстан 115 қауіпсіздік қызметкері мен вице-президенттің жақтастары зардап шекті» деп мәлімдеген.
Абдул Рашид Достум Ауғанстандағы күрделі саяси тұлғалардың бірі. Өз кезінде Өзбекстанның әскери қызметкері де болған. 2017 жылы Ауғанстандағы кейбір шиеленісті жағдайларға байланысты шетелге бас сауғалауғалаған. Сол тұста Ауғанстан үкіметі оның шетелге барып емделуін талап етіп, қайтып келгеннен кейін лауазымын қалпына келтіруге уәде берген. Алайда оған зорлық-зомбылық, жыныстық зорлау әрекеттері бойынша тергеу жүріліп, Достум түнделетіп Ауғанстаннан ұшып кетуге мәжбүр болды. Оған қоса Ауғанстан вице-президентіне Талибтер мен ДАИШ күштеріне байланысты соғыс қылмысы да тағылған. Түркияда бір жылға жуық бас сауғалап, Ауғанстанға оралған. Еліне оралған оған қайталай тергеу болатын, болмайтыны анық емес.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді