Трамп Құрама Штат президенті болып сайланғаннан бері оның саясаты мен ұстанымдары түрлі сын-пікірлерге тап болып келеді. Жақында президент Трамптың бұрынғы ресми кеңесшісі Стиве Бэннон (Steve Bannon) оның ұлтшыл, қолында шексіз билігі бар лидерлерді ұнататынын айтқан.
Стиве Бэннон CNBC конференциясы кезінде Трамптың Владимир Путин, Ши Жинпиң, Режеп Тайып Ердоған секілді билік қуаты мығып лидерлерді ұнататынын айтып берген. Трамптың ойынша олар ұлтшыл, өз елінің мүддесін басты орынға қоятын және дегеніне жете алған басшылар екен.
Ресей президенті Путин, Қытай төрағасы Ши Жинпиң және түрік елінің президенті Ердрған қатарлы лидерлер батыс елдерінің ақпарат құралдарында, дара билеуші немесе авторитаризмді жолға қоюшы басшылар ретінде айтылады. Дегенмен, Трамп осы аталған басшылардың дегеніне жетіп, билік қуатының шексіз болып отырғанына қызығатынын бір емес бірнеше рет аңғартқан еді.
Наурыз айында Қытай компартиясы Конституцияға өзгеріс енгізу туралы ұсыныс жасап, Қытай төрағасының билік өкілетті мерзімін шектеуді алып тастау туралы бастама көтерген. Сол түста журналистер Трамптан бұл туралы көзқарасын сұрағанда: «Бұл әрине Қытай үшін тиімді болар. Ол өзінің істегісі келгенін істей алды. Уақыты келгенде біз де мұны сынап көрерміз», – деп әзіл-шыны аралас көз көзқарасын аңғартқан еді. АҚШ-тағы саяси қысымға қарамастан Ресей президентімен кездесу өткізді. Тіпті, тағы бір мәрте кездесуі мүмкін екенін де ескертті.