Түркияда 2016 жылғы төңкеріс әрекетінен кейін енгізілген төтенше жағдай режимі тоқтатылды, - деп хабарлайды Anadolu.
Түркия республикасының Конституциясына сәйкес, егер үкімет оның мерзімі аяқталған кезде парламентке оны ұзарту туралы ескерту жібермеген жағдайда төтенше жағдай өзінен-өзі тоқтатылады. Негізі, 2016 жылдан кейін төтенше жағдай Түркияда жеті мәрте үш айға ұзартылды. Сонымен қатар, президент Режеп Тайып Ердоғанның баспасөз қызметі биліктің ФЕТО ұйымымен күресті жалғастыратынын хабарлаған. Айта кету керек, ресми Анкара ұйым басшысы Фетуллаһ Гүленді осы төңкеріс әрекетін ұйымдастырды деп есептейді. Ақпарат құралдары, егер қажеттілік туындаған жағдайда төтенше жағдайдың қайтадан енгізілетінін де хабарлады.
Еске салайық, 2016 жылдың 16 шілдесінде Түркияда сәтсіз төңкеріс әрекеті орын алып, артынша 40 мыңнан астам адам тұтқындалған еді. Бүлік салдарынан 161 адам қаза тауып, 1440 адам жарақаттанған. Президент Р.Т.Ердоған мемлекеттік төңкеріс әрекетіне Фетуллаһ Гүленді кінәлайды.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы