Әскери қақтығыстардың кесірінен үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған Сүрия тұрғындары отандарына оралуда. Мәселен, 16 шілдеде бір ғана күннің ішінде Шығыс Гутаға лагерьлерден 95 босқын қайтқан. Бұл туралы «ru.euronews.com» хабарлады.
Ақпарат құралдары таратқан мәліметке сәйкес, ресми органдар Шығыс Гутаға 72 321 босқын қайта оралғанын хабарлаған. Сонымен қатар, Дер-әз-Зор қаласындағы Сальхияз елдімекені тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетілген. Бейбіт тұрғындарға жалпы салмағы 2,8 тонна құрайтын 620 азық-түлік пакеті үлестірілген. Ал, қауіпсіз аймақ ретінде жарияланған оңтүстік-батыс өңірінде қарулы оппозиция отрядтарын қарусыздандыру жалғастырылуда. Еске салайық, 15 шілде күні Сүрия Араб әскері Дера қаласының солтүстік-батысында ірі шабуыл әрекетін жүргізген еді. «Хаят Тахрир Әш-Шам» тобының белсенділерімен болған қарулы қақтығыс кезінде Зимрин қаласы да азат етілген болатын.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті