Көптеген ақпарат құралдары осы күндері (11-13 шілде) Бельгияда өтіп жатқан НАТО саммитінің барысы туралы, соның ішінде АҚШ пен Еуроодақтың ара-қатынасы жөнінде жарыса жазуда. Мәселен, италиялық  «Il Sole 24 Ore» сайты Америка мен ЕО-ның ара-қатынасы тарихтағы ең төмен әрі шиеленісті жағдайға жетті деп жазады.

Сайтымызда бұған дейін де хабарлағанымыздай, Дональд Трамп одақтастарын қорғаныс шығынын ең төменгі деңгейде жұмсайды деп ашықтан-ашық сынаған еді. Әсіресе,"Ол, Ангела Меркельді «Германияның Ресейге тәуелділігі үшін» айыптап, тіпті ЕО-ның еуропалық тауарларға салынған салық мәселесіне қатысты жасаған мәлімдемесін елемеуге тырысты", - деп жазады «dw.com». Тараптардың келіспеушілігі Түркия мәселесін, сәйкесінше заңсыз мигранттар мәселесін де күн тәртібіне шығаруда. Экономикадан бастап, дербес қорғанысқа дейінгі НАТО-ны біріктіретін мәселелер қазіргі таңда АҚШ пен ЕО елдері арасын алшақтатуда, - деп жазады француздық «lemonde.fr» басылымы.

“The Qazaq Times”