2016 жылдың 31 желтоқсанындағы көрсеткіш бойынша, Қырғызстанның мемлекеттік қарызы 4 млрд 105,44 млн АҚШ доллары немесе 284 млрд 220,13 млн сомға жеткен. Мұндай мәліметті Қырғызстанның Қаржы министрлігі келтіреді. Бұл туралы "Орталық Азия хабар қызметі" жазады.
2015 жылдың аяғында Қырғызстанның мемлекеттік қарызы 3 млрд 805 млн доллар деп бағаланған. Яғни бір жылдың ішінде мемлекеттік қарыз 300 млн долларға өскен. Алайда ұлттық валюта бойынша қарыз 4,6 млрд сомға азайған.
Ал сыртқы қарыз 3 млрд 782,74 млн АҚШ доллары немесе 261 млрд 879,68 млн сомды құрайды; ішкі қарыз - 322,70 млн доллар немесе 22 млрд 340,45 млн сом.
"The Qazaq Times"