Ұлыбритания билігі Дон Стерджестің өліміне қатысы барларды тауып, құқықтық жауапкершілікке тартатындарын хабарлады. 8-шілде күні аурухана төсегінде көз жұмған британиялық 44 жастағы әйел «Новичок» жүйке-сал ауруларының улағыш заттегіден уланған. Бұл туралы "lemonde.fr" хабарлайды.
«Скотланд-Ярд» ағылшын полицей құрылымының хабарлауынша, қасақана адам өлтіру ісіне қатысты соттық іс ашылған. Еске салайық, 44 жастағы Дон Стерджес пен оның 45-жастағы жолдасы Чарльз Роули 30 маусым күні аса ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылған еді. Өткен аптаның ортасында тергеушілер олардың Ресейдің Қауіпсіздік қызметінің бұрынғы барлаушысы Сергей Срипаль мен оның қызы уланған заттектермен уланғанын хабарлаған болатын. Осыған байланысты ресми Лондон қайғылы оқиғаға Ресейді кінәлаған еді. Мәскеу тарапы бұл айыптаумен келіспейтінін мәлімдеді.
Жалпы, Скрипальдер оқиғасы соңғы үш айдан бері Ресей мен ЕО арасын одан сайын ушықтырып жіберген еді. Енді, Скрипальдер уланған аймақта, дәл солар зардап шеккен заттектермен уланған британиялық ерлі-зайыптылар Ұлыбритания мен Ресей арасындағы келіспеушілікті тағы да тереңдете түскендей.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді