Бүгін шорт-трек сайысынан Қазақстан қоржынына тағы екі медаль түсті. 24.kz хабарлайды.
Финал жолдамасы сарапқа салынған жарыста жерлесіміз Абзал Әжіғалиев – күміс, Денис Никиша қола жүлдеге қол жеткізді.
Шорт-трек сайысы бойынша бүгін алдымен жігіттер арасында 500 метрге конькимен жүгіру аяқталды. Ол сында жерлестеріміз Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша үздік үштікке енді. Ал, енді бойжеткендер 3 мың метр, жігіттер 5 мың метрде үздікті анықтайды. Бұл жарыста жалпы саны 13 мемлекеттің спортшысы бақ сынауда. Олардың арасында қазақ елінің намысын алты спортшы қорғайды.
Бұл спорт түрінен кеше жерлесіміз Нұрберген Жұмағазиев қола жүлде еншілеген болатын.
“The Qazaq Times”