Иран прокуратурасы елдегі ең көп қолданылатын Инстаграм әлеуметтік желісіне тыйым салды. Бұл туралы бас прокурор Мұхаммед Мусаддық ресми мәлімдеме жасады. Ол мәлімдемесінде: «Елдегі өнер қайраткерлерінің Инстаграм арқылы мұқтаж жандарға көмектесу шаралары, олардан жиналған қаражаттар теріс мақсаттарға пайдалануға жол ашуы осы шешімге себеп болды», – деген.
Мусаддықтың мәлімдемесінде, бұл шешімнің нақты қай уақыттан басталып жүзеге асырылатыны анық айтылмаған.
Бұған дейін Иранда Facebook, Twitter желілеріне шектеу қойылған. Ал, былтыр желтоқсан айындағы наразылық шараларынан кейін Телеграм әлеуметтік желісіне де үкімет жағынан тыйым салынған.
Мәліметтерге қарағанда, ИИР-дағы желі қолданушылардың 55 пайызы Телеграмды, 23 пайызы Инстаграм желісін қолданады.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес