Ирак СІМ басшысы Бағдат қаласында шетелдік және отандық БАҚ өкілдеріне ресми мәлімдеме жасап, бөлшектеуші террорлық ұйым PKK-ге қарсы күресте Түркиямен толықтай ынтымақтастық орнатуға дайын екенін білдірді. Түркия мен Ирак арасындағы бұл ынтымақтастық, өңірдегі күрдтердің қарулы топтарына қысым түсірмек. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Бөлшектеуші террорлық ұйым деп танылған PKK Ирак, Сүрия және Түркия елдеріндегі күрдтердің дербестігіне талпыныс жасап келе жатқан қоныстанған аумақта Күрдістан мемлекетін құруға күрес жүргізіп келеді. Сүриядағы күрд қарулы топтарына ДАИШ-ке қарсы күрес кезінде АҚШ басқарған халықаралық коалиция тарабынан үлкен қолдау көрсетілген. Алайда, Анкара билігі Күрд Жұмысшылар Партиясы мен Сүрия жеріндегі YPG қарулы тобы бір ұйым деп мәлімдеді.
Ирак Сыртқы істре министрі Ахмед Махжуб мәлімдемесінде, PKK-ның Ирак жерінде 1980 жылдан бері әрекет етіп келе жатқанын, қарулы топтары көбінде елдің Сүрия және Түркиямен шекаралас таулы аймақтарында әрекет ететінін айтып өтті. Ахмед Махжуб сөзінде: «Біз бұл ұйымды террорлық топ деп танимыз және оған қарсы күресте Түркиямен берік ынтымақтастық орнатуға дайынбыз», – деді.
Шын мәнісінде, күрд қарулы күштерімен күресте Ирак армиясының тәжрибесі мен күші жетерлік емес. Ирак тарабы бұған дейін таулы аймақтағы PKK қарулы топтарымен күресте бай тәжрибесі бар түрік армиясының көмегіне жүгінетіні анық. Әрі бұны Ирак СІМ басшысы да растады.