АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың командаластары Twitter арқылы Трампқа «Соғыс ашты» деп хабарлайды қытайлық «Xinlang» сайты.
Көптеген демократтар Обаманың биліктен кеткеніне үнсіз мойынсұнып, президенттікті Трамптың иелегенін қабылдады. Алайда, Обаманы қолдаушылар олай жасай алмапты. Бұрынғы президент Обаманың "жуас" көмекшілері, баспасөз хатшысы, кеңсе меңгерушісі, басқа да командаластары білек сыбанып, Трампқа ақпараттық шабуыл жасап жатыр. Көбінде өз әлеуметтік желілерінде Трамп саясатына деген қарсылық пікірлері өршуде. Тіпті, қазіргі президенттің әр басқан қадамына қарсылық білдіріп, жаппай сынға алуда. Бұдан Трамптың 23 миллионнан астам қолдаушысы екі президент командасы арасында жанжал туылып кетуінен қауіптеніп отыр. Бұл Америка саясатындағы жаңа тренд болып қалыптасып отыр.
Бұрынғы президентке қызмет еткендердің жеке парақшаларында жазған тау теңіз пікірлерді толық ақтарып айту мүмкін емес. Мысал ретінде Обама тұсында жоғары дәрежелі әкімшілік лауазымындағы бір қызметкердің пікірін келтірейік:
«Көпшілігіміз осы жасалып жатқан саясаттың елімізге ауыр қысым әкелетініне сенімдіміз. Олар америкалықтарды алдап отыр. Әсіресе, біздің жасап кеткен қызметтерімізді өтірік бағалауларға салды. Алайда бізде электронды пошта желісі бар, керек болса олардың сұрқиялығын жайып саламыз».
Бұдан да өткір пікірлерді кездестіруге болады. Бір сөзбен айтқанда Трамптың саясаты Америкаға бұрын-соңды болып көрмеген саяси теке-тіресті ала келуі мүмкін. Ал, Трамп өз командасымен бірге АҚШ экономикасына серпіліс жасауға тырысып бағуда. Құрама Штаттардағы орнықтылықты, экономикалық өсімді қамтамасыз ете алу алмау Трампқа деген америкалықтар сенімінің ең негізгі принципі. Америкалықтар мүддесін басты орынға қоюды ту етіп көтерген Трамп саясаты, америкалықтар қарсылығына ұшырайтыны, қалыптасқан демократияны да айғақтаса керек. Дегенмен, тығырықтан шыға алмаса, «Күн батпас Американың да» халі мүшкіл болмақ.
“The Qazaq Times”