АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Аннаполис қаласына орналасқан Capital Gazette басылымының редакциясына қарулы шабуыл жасалып, 3адам жараланып, 5 адам қаза тапты. Бұл туралы BBC сайттары мен Capital Gazette   басылымы хабар таратты.

Жергілікті полиция өкілі Райан Фрейшур жасаған мәлметке қарағанда, қылмыс күмәндісі қолға алынып, тергеу жұмысы басталған. Әзірге шабуылдың мақсаты туралы мәліметтер жоқ екенін айтады.

Басылым қызметкерлерін полиция тарауы қорғауға алды. Фото: Capital Gazette.

Құрама Штаттағы BBC тілшілері жеткізген мәліметке қарағанда, қарулы шабуыл жасаушы 20 жастан асқан ер адам. Тергеу кезінде өз ісінің мақсаты туралы жауап бермеген және саусақ іздері табылмас үшін саусақ терілерін кесіп тастаған екен. Қылмыс күмәндісінен жауап ала алмаған полиция тарабы істі өздері анықтауға кіріскен.

Ал, АҚШ-тың NBC арнасы, полиция тарауының істі анықтап болғанын, айыпталушының үйіне тінту жүргізгенін хабарлады. Қолға алынған күдіктінің үйінен жарылғыш заттар мен гранат табылған.

Нью-Йорк полиция тарауы БАҚ өкілдеріне күдікті мәлімет таратуда абайлауды ескерткен. Шабуылға ұшыраған Capital Gazette басылымының өзге қызметкерлері қауіпсіз орынға апарылып, полицейлер тарабынан қорғауға алынған.

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің «Твиттер» парақшасына бұл оқиға туралы жазып, аталған оқиғадан хабар алғанын, құрбан болғандардың туыстарына көңіл айтқан.

“The Qazaq Times”