Мерзімі біткен төлқұжатпен шет мемлекеттерде жүрген түркіменстандық азаматтар отандарына оралғаннан кейін қамауға алынды, - деп хабарлайды trend.az ақпарат көзі.
Әсіресе, биліктің уәдесінен кейін Түркиядан оралған 20 адам тұтқынға алынған. Соңғы айларда Түркіменстанның түрлі аймақтарында шетелде жүргендердің жақындарына да туыстарын елге оралтуға тапсырма берілген еді. 2008 жылы Түркіменстан шетелдік сапарлар үшін арнайы төлқұжат енгізіп, оны тек елдегі көші-қон мекемесінен беруге үкім шығарылған болатын. Осыған орай, шет мемлекеттердегі елшіліктердің бірыңғай үлгідегі ескі құжаттарды жаңасына ауыстыру өкілеттілігі жоқ. 12 маусымда Түркіменстанның Дашогуз қаласының бір тұрғыны бірнеше мәрте Түркияға ұшып кетуге тырысып, жолы болмағандықтан өз-өзіне қол жұмсаған еді. Қазіргі уақытта Түркіменстан билігі ел шетінде жүрген азаматтарына қатысты ресми мәлімет бермей отыр. Түркияның Көші-қон қызметінің хабарлауынша, тек 2016-2017 жылдардың өзінде сол елде 25 мың түркіменстандық тіркелген. Ресми мәліметтер бойынша, Түркіменстан азаматтары күнкөріс үшін көрші мемлекеттерге, әсіресе Қазақстан, Әзірбайжан елдеріне көп шығады. Осы жағдай қазіргі уақытта елді үлкен әлеуметтік толқыныстың шегіне жеткізіп отыр.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді