«Washington Times» басылымының 2 ақпан күнгі санында, бұрынғы АҚШ президенті Барак Обама кезінде Пентагонның жоғары саяси кеңесшісі болған Роза Брукстың «Әскери төңкеріс арқылы президент Трамптың қалыпқа симайтын ойларын өзгертуге болады» деген пікірі жарияланды.
Брукстың «Сыртқы саясат» журналына жазған мақаласында да президент Трамп туралы айтқан тағы бір пікірі басылды. Ол: «Америка президенттерінің тарихында ең даулы президент Доналд Трампты тақтан тайдырудың бір-ақ жолы – әскери төңкеріс қозғау» деді. Ол тағы: «Трамп таққа отырған алғашқы аптасында-ақ, өзінің бар ниетін әйгілеп болды. Солай, ол бәріміздің алаңдағанымыздай нағыз есі ауысқан адам. Мен әзірге дейін мынандай шешімге келіп болдым: Трамптың жасап жатқан істеріне жол бермес үшін Америка тарихында болып көрмеген әскери төңкеріс жасау керек».
Мақаладағы мәліметтерге сүйенсек, Роза Брукс 2009-2011 жылдар аралығында Пентагондағы жоғары саяси кеңесші қызметін атқарған. Ол әскери лауазымды тұлғалардың президентке «Жоқ, президент мырза, біз бұлай жасай алмаймыз!» деп айтуын өтінді. Ал, АҚШ Сайлау ведомствосы дәл осы тұста «Мемлекеттік саясатты бағалау» атты сауалнама жасады. Нәтижесінде, 40 пайыз қатысушы Трамп саясатын сынға алған. Сауалнамаға жауап бергендердің 52 пайызы Обаманың билігін қаласа, Трампты қолдаушылар 43 пайызды иелеген. Сайлау ведомствосының айтуынша, сауалнамаға қатысқан америкалықтардың басым бөлігі Трамптың саясатын айыптап, оны Америка тарихындағы ең шулы президент деп есептеген. Оған қоса бұл пікірдің иелері Обаманың билікке қайта келуін талап еткен.
Жоғарыда аталған мақаласында Брукс АҚШ әскери шенділерін президентке қарсы әскери төңкеріске ашық үндеді. Ол: «Әскерилер ант бергенде АҚШ-тың Конституциясын қорғауға ант берген, президентті емес», – деп көрсетті. Бұл АҚШ-та болып жатқан саяси дауылды елестетіп тұр. Енді бір жағынан қарағанда, демократияның көрінісі деуге болады. АҚШ азаматының президентіне деген пікірін елдегі беделді басылымдар жариялап, Трамп билігіне қарсылығын білдіруде. Бұдан Трамп таққа отырғалы бері америкалықтарға Обаманың айы өтіп тұрғаны белгілі болды.