Моңғолия өзінің ең алғашқы мұнай өңдеу зауытының құрылысын бастады – деп хабарлайды «Reuters» ақпарат агенттігі.
Агенттік мәліметінше, маусым айының 22-і күні Моңғолия премьер-министрі Ухнаагийн Хурэлсух пен Үндістан ішкі істер министрі Раджанатх Сингх Дорногов провинциясында ел тарихындағы ең алғашқы мұнай өңдеу зауытының ірге тасын қалау салтанатты шарасына қатысқан. Жалпы құны 1,35 миллиард долларды құрайтын мұнай өңдеу зауытының құрылысы 2022 жылы аяқталады деп күтілуде.
Сарапшылар пікірінше, жылына 1,5 миллион тонна мұнай өңдейтін зауыт алдағы уақытта Моңғолияның бензин қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Себебі Моңғолия осы уақытқа дейін мұнай өнімдерін шетелдерден импорттап келген. Былтырғы жылғы статистикалық мәліметтер бойынша, моңғол елі 1,5 миллион тонна мұнай өнімін импорттаған.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?