Ресей мен Өзбекстан «Суффа» радиотелескопының құрылысын қайта жандандырмақ.
РБК телеарнасының хабарлауынша, Мәскеу қаласында өткен баспасөз мәслихатында Ресей ғылым академиясының президенті Александр Сергеев: «Ресми Мәскеу мен Ташкент "Суффа" радиотелескопының құрылысын қайта жандандыруды көздеп отыр. Бұл Ресей халықаралық ғылым орталығының өзге ел аумағында бастағалы отырған алғашқы жобасы. Өзбекстанның ең биік нүктесінде орналасатын "Суффа" радиотелескопының құрылысын бастау арқылы біз жаңа халықаралық келісім негізінде жұмыс істейтін боламыз. Аталмыш нысанның құрылысы үлкен саяси маңызға ие. Біз "Суффа" радиотелескопы арқылы ТМД аумағында осы уақытқа дейін жоғалтып алған ғылыми күш-қуатымызды қайта қайтарып алуға мүмкіндік аламыз» - деп мәлімдеген.
Ташкент қаласының оңтүстік-батысындағы Заамин елді мекенінен 40 шақырым жерде орналасқан "Суффа" радиотелескоп зарттеу орталығының құрылысы 1985 жылы басталған. Оның ірге тасы ең алғаш 1981 жылы қаланған. Бірақ, Кеңестер одағының құлауы мен қаржы тапшылығы салдарынан зерттеу орталығының құрылысы орта жолда тоқтатылған. Қазіргі таңда "Суффа" радиотелескопының құрылысы аяқталмаған күйде тұр. 2014 жылғы есеп бойынша, телескоп құрылысын аяқтауға 50 миллион доллар қаржы қажет.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны