Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мектеп түлектерін сабырлы болуға шақырды. Ведомство басшысы ұлттық біріңғай тестілеу кезінде күрделі сұрақтардың болмайтынын айтып, оқушыларды сендіруге тырысты. Бұл туралы Tengrinews.kz порталы хабарлады.
«Сұрақтардың көбі жеңіл. Уақыт бар, сондықтан асығудың қажеті жоқ. Ұлттық біріңғай тестілеуге жыл сайын көптеген бала қатысып, білімдерін сынайды. Бұл бізді әрине қуантады» - деді, министр.

Фото: tengrinews.kz
Сағадиевтің сөзінше, биыл оқушыларға 20 мың білім гранты бөлініпті. Осы жылы ұлттық біріңғай тестілеуге қатысатын оқушылар саны 102 мыңға жуықтаған. Сынақ тапсыру науқаны бүгіннен басталды. ҰТБ биыл елімізде 15 жыл қатарынан өткізіліп жатыр. Түлектерге 120 сұрақ беріледі. 50 ұпай жинаған оқушы сынатан өткен болып есептеледі. Ал, ұлттық университеттерге түсу үшін кемінде 60 балл жинаулары керек.

Фото: tengrinews.kz
Биыл тест тапсыратын оқушыларға ерекше мән беріліп отыр. Аудиториялардағы терезелердің барлығы ашық болмақ. Мамандар менингококк инфекциясы қайта қылаң бермеуі үшін осындай қадамға барып отыр.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті