Израильдің бұрынғы министрі «тыңшылық» айыбымен тергелуде. 1992-1995 жылдар арасында Энергетика министрі Гонен Сегевке қатысты айыпты Израиль Ішкі барлау ұйымы тағып отыр. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі мәлімдеді.
Аталған барлау ұйымы бұрынғы министр және депутат Гоненге «Иранның тыңшысы және соғыс кезінде жауға көмек көрсетті» деген айыптар тақты. Мәліметке сәйкес, Гонен Иранның Нигериядағы өкілетті елшілігінде Иран лауазымдыларымен кездескен. Иранға жасаған екі реткі сапарында да сол елдің маңызды лауазымды тұлғалармен жеке кездесуде болған.
Гонен Сегев 2005 жылы есірткі саудасымен айыпталып, 5 жылға сотталған. 2 жыл жаза мерзімін өтеп, 2007 жылдан кейін Нигерияға. Мамыр айында Эквадор Гвинеясында жергілікті полиция тарабынан қолға алынып, Израильге қайтарылған. Хабарға қарағанда алдағы жұма күні Гонен Сегев Израильге жеткізіледі.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді